Мысыр Польшаның уәждерін теріске шығарды
Мысыр Польшаның Ресейге «Мистраль» кемелерінің сатылғаны туралы уәждерін теріске шығарды.
Мысырдың Ресейдегі елшілігінің ақпарат хатшысы Айман Мұса жұма күні «РИА-Новости» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Польшаның Қорғаныс министрі Антони Мачревичтің Каирдің Франциядан сатып алған «Мистраль» тікұшақ тасушы кемелерін Ресейге сатуы ықтимал деп айтқан уәждерін теріске шығарды.
Айман Мұса: «Бұл уәжге қандай реакция білдіруге болады? Мысыр өзінің «Мистраль» тікұшақ тасушы екі кемесіне Ресейден әскери жабдықтар сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Каир бұл кемелерді қалайша Ресейге сатады?»-деді.
Польшаның Қорғаныс министрі жұма күні: «Мысыр Франциядан сатып алған «Мистраль» тікұшақ тасушы екі кемесін Ресейге символдық сома – 1 долларға сатты»,-деп уәж айтты.