Иранның 100 млрд доллардан астам активі босатылды
(last modified Sun, 31 Jan 2016 16:20:37 GMT )
Қаң 31, 2016 22:20 Asia/Almaty
  • Иранның 100 млрд доллардан астам активі босатылды

Иран үкіметінің ақпарат хатшысы Иранның 100 млрд доллардан астам активінің босатылғанын хабарлады.

Иран үкіметінің ақпарат хатшысы Мұхаммад Бағер Ноубахт «Alalam» хабар арнасына берген сұхбатында «Санкциялардың күші жойылуынан екі аптадан астам уақыт өткен соң Иран өзінің бұғатталған активтеріне қол жеткізе алды ма» деген сауалға: «Иранның бұғатталған активі толығымен босатылды. Үкімет оны пайдалана алады» деп жауап берді.

Үкіметтің ақпарат хатшысы Иранның Америкамен ықтималды экономикалық байланысы жөнінде де айтқан сөзінде: «Теһран-Вашингтонның саяси байланысы анықталған. АҚШ өзінің саясатында түбегейлі өзгерістерді қажет етеді, бірақ экономикалық мәселелер туралы еш шектеу жоқ, мұнымен қатар инвестиция салу және заманауи технологияларды импорттау басты бағдарда» деді.

Иран үкіметінің ақпарат хатшысы АҚШ-тың өзге сылтаумен, мәселен зымырандар немесе адам құқығы желеуімен Иранға қарсы қайтадан санкция салуға қатысты алаңдаушылық жоқ па деген сұраққа берген жауапта: ««Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын қабылдау шарттарының бірі өзге сылтаулармен санкция салмау болған» деп мәлімдеді.

Тегтер