Қар 07, 2016 14:59 Asia/Almaty
  • Захарова: АҚШ коалициясының Мосулдегі әскери амалдары ортағасырлық соғыс іспеттес

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мосулды ДАИШ тобының басқыншылығынан азат ету амалдарындағы АҚШ-тың жетекшілігіндегі коалицияның әскери әрекеттерін "ортағасырлық соғыс" деп сипаттады.

Спутник ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауынша, Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова жексенбі күні Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Өкінішке орай, Мосул тұрғындары өтуі үшін ешқандай қауіпсіз өткел құрылған жоқ. АҚШ-тың жетекшілігіндегі коалициясының қоршаудағы Мосул қаласының бейбіт тұрғындарын көшіру үшін ешқандай үйлестірілген бағдарламасы жоқ. Америкалықтар Мосулдегі коалиция күштерінің амалдары туралы ақпараттық байкот жариялап, бұл қаладағы өзгерістер мен оқиғалар туралы дұрыс мағлұмат бермей отыр" деп жазды. 

 

 

Тегтер