АҚШ Конгресінің Өкілдер Палатасы мен Сенаты Республикалық партияның ықтиярында
Республика партиясы АҚШ Конгресінің Өкілдер Палатасының көпшілік дауысына ие болды.
ИРНА-ның мәліметі бойынша бүгін, сәрсенбі күні АВС және NBC ақпарат арналары республикашылардың АҚШ Конгресінің Өкілдер Палатасының көпшілік дауысына ие болғаны туралы хабарлады. АҚШ Сенаты мен Өкілдер Палатасының сайлаулары бір уақытта өтті. АҚШ ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша Республика партиясы Өкілдер Палатасының 435 орнының 218-не ие болды. АҚШ-ның Өкілдер Палатасы қазірде 247 республикашыл, 188 демократтан құрылған.
АҚШ Сенаты сайлауының саналған дауыстары республикашылардың алда келе жатқанын көрсетті. Осы уақытқа дейін республикашылар Сенаттың 47 даусына, демократтар Сенаттың жалпы 100 орнының 42 орнын иемденді.