Халықаралық сот Американы соғыс қылмыстары үшін айыптады
Гаагадағы Халықаралық қылмыстық істер сотының прокуроры Фату Бенсуда сейсенбі күні АҚШ-ты Ауғанстандағы соғыс қылмыстары үшін айыптады.
Фату Бенсуданың айтуынша, құжаттар мен зерттеулерге сәйкес, АҚШ күштері мен бұл елдің Орталық барлау басқармасы 2003-2004 жылдары абақтыдағы тұтқындарды адамгершілікке жат тәсілдермен азаптаған. Халықаралық соттың Ауғанстандағы АҚШ күштерінің соғыс қылмыстарын зерттеуі бірінші рет орын алып отыр. Халықаралық қылмыстық істер сотының АҚШ-ты қылмыс жасағаны үшін айыптауы АҚШ әскерилері мен барлау күштерінің Ауғанстандағы қылмыстарын заң жолымен қарастыру саласындағы үлкен қадам болып табылады. Осы кезге дейін АҚШ өзін адам құқығын қорғаушы ел ретінде жариялап, жыл сайын басқа елдердегі адам құқығы және жеке адам мен қоғамдардың азаттығын зерттеп, мемлекеттердің көбін адам құқығын бұзумен айыптайтын. АҚШ осы күнге дейін геноцид пен соғыс қылмыстарына қатысты басқа елдердің азаматтары мен басшыларын жауап беруге шақырған жалғыз мемлекет болды. Бірақ осы кезде АҚШ үкіметіне қарсы Ауғанстанда соғыс қылмыстарын іске асырды деп айып тағылған жағдайда осы мәселеге қандай шара қолданылатынын көру керек.
2001-ші жылғы 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін АҚШ-тың сол кездегі президенті Джордж Буш лаңкестікпен әлемдік күресті сылтауратып, сол жылдың қазан айында Ауғанстанға шабуыл жасауды бұйырды. Бұл шабуыл Ауғанстандағы билік басындағы талибандар үкіметінің тарауына жеткізді. Қалай болғанда да АҚШ күштері мен кейін НАТО-ның Ауғанстанда орналасуы және АҚШ-ның әрекеттері америкалықтар үшін қара тарихқа айналды. Әсіресе АҚШ-тың Баграм әуе базасында үлкен абақты құруы мен жүздеген ауған азаматын лаңкестік әрекетке күдікті деп қамап, оларды азаптау сынды әрекеттері адам құқығы туралы уәж айтатын мемлекеттің әшкереленуіне себеп болады. 2012-ші жылдың қаңтар айында сол кездегі Ауғанстан Президенті Хамед Карзайдың бұйрығымен абақтылардың жағдайларын зерттеу мақсатында құрылған Ауғанстан үкіметінің құқықтық комитеті АҚШ күштерінің Баграм абақтысындағы қылмыстарын әшкереледі. Бұл зерттеулер тиісті мәліметтерді жинап, Халықаралық қылмыстық істер сотының америкалық күштердің ауған тұтқындарына қарсы қылмыстарын зерттеуге жағдай тудырды. АҚШ пен НАТО күштерінің өткен 16 жылдағы Ауғанстанда орналасуы нәтижесіз болды, тіпті кейбір жерлерде жағдайдың нашарлауына соқтырды. АҚШ пен оның одақтастарының Ауғанстандағы әскери орналасуы әскери шабуылдарды көбейту, лаңкестікті кеңейту, халықты қыру және осы елді қиратып, есірткіні 40 есе арттырғаннан басқа нәтиже әкелмеді. АҚШ әскерилерінің Ауғанстанда 16 жыл құзыры кезінде Ауғанстанда лаңкестік топтардың әрекеттері артып, Талибан мен ДАИШ топтары кейбір аймақтарды өз бақылауына алды.