Әзірбайжан республикасы мен Ресейдің лаңкестікке қарсы бірлескен амалдары басталды
(last modified Mon, 21 Nov 2016 15:53:50 GMT )
Қар 21, 2016 21:53 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан республикасы мен Ресейдің лаңкестікке қарсы бірлескен амалдары басталды

Әзірбайжан республикасы мен Ресейдің лаңкестікке қарсы бірлескен амалдары екі елдің ортақ шекарасында басталды.

Осы іс-қимылдар Әзірбайжан республикасының қоғамдық тәртіп күштері мен Ресейдің құқық қорғау күштерінің ынтымақтастығымен «Шекара – қалқан» деген атаумен жүзеге асырылды.

27- ші қарашаға дейін жалғасатын осы бірлескен амалдарда Әзірбайжан республикасының шекарадағы «Гусар» және «Хачмаз» аудандарында  қоғамдық тәртіп күштерінің арнайы пункттері құрылған.

Ұйымдасқан қылмыс пен, заңсыз миграция, есірткі және қару-жарақ, оқ-дәрі контрабандасымен күрес Әзірбайжан республикасы мен Ресейдің қоғамдық тәртіп күштерінің бірлескен амалдарының негізгі мақсаты деп жарияланып отыр.

 

 

 

 

Тегтер