Ресейдің бұрынғы офицері Украина үшін тыңшылық жасады деген айыппен құрықталды
(last modified Thu, 24 Nov 2016 15:47:25 GMT )
Қар 24, 2016 21:47 Asia/Almaty
  • Ресейдің бұрынғы офицері Украина үшін тыңшылық жасады деген айыппен  құрықталды

Ресейдің федералдық қауіпсіздік ұйымы Ресей теңіз күшінің бұрынғы офицері Леонид Пархоменконың Украина үшін тыңшылық жасады деген айыппен абақтыда жабылғанын және оның үстінен тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Ресейдің федералдық қауіпсіздік ұйымы сондай- ақ құрықталған кісіге «құпия мәліметтер жинап, оны Украинаның Қорғаныс министрлігіне қарасты сол елдің тыңшылық ұйымына жеткізді» деген айып тағылып отыр деп мәлімдеді. Қара теңіз флотында қызмет атқарған Леонид Пархоменконы қауіпсіздік қызметкерлері Қырымның Севастополь айлағында құрықтаған.

 

 

Тегтер