АҚШ үкіметінің президенттік сайлаудың нәтижелері жөніндегі мәлімдемесі
АҚШ үкіметі осы елдегі жуықтағы президенттік сайлаудың нәтижесін құрметтеп, мойындауды сұрады.
АҚШ үкіметі өз мәлімдемесінде: «Америкадағы жуырдағы президенттік сайлауда қол жеткізілген нәтиже осы ел халқының қалауы болғандықтан, оны құрметтеу қажет» деп мәлімдеді. АҚШ үкіметі тарапынан жарияланған мәлімдемеде Ресей үкіметіне Америкадағы президенттік сайлаудың өткізілу үдерісі мен оның нәтижесін бұзуға талпыныс жасады деген айып тағылды.
Сайлау барысында да бір топ америкалық басшы Ресей үкіметіне демократиялық партияның үміткері Хиллари Клинтонның жеке электронды хаттарын әшкерелеуге қатысы болды деген айып таққан болатын.
Ресей үкіметі Американың президенттік сайлауына қатысты кез-келген араласушылықты қатаң түрде теріске шығарды.