Алжирдің Мұнай министрі: ОПЕК-тің келісімімен мұнайдың бағасы артады
(last modified Sun, 27 Nov 2016 09:33:24 GMT )
Қар 27, 2016 15:33 Asia/Almaty
  • Алжирдің Мұнай министрі: ОПЕК-тің келісімімен мұнайдың бағасы артады

Алжирдің Мұнай министрі: «Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы ОПЕК-тің мүшелері мұнай өндірісінің көлемін азайтуға келіссе, мұнайдың бағасы барреліне 55 доллардан асады»,-деді.

Мұнай және энергетика саласындағы ақпарат арнасы Shana-ның хабарлауы бойынша, Алжирдің Мұнай министрі Нуреддин Бутерфа сенбі күні Теһранда Иранның Мұнай министрімен ортақ отырыс өткізген соң тілшілерге берген сұхбатында: «Егер ОПЕК-тің мүшелері өздерінің болашақта Венада өтетін отырысында бір келісімге келсе, келесі жылы мұнайдың бағасы барреліне 50-55 доллар, ал жылдың соңында 60 долларға дейін  жетеді»,-деді.

Нуреддин Бутерфа Иранның Мұнай министрі Бижан Занганемен кездесуде Алжир үкіметінің ОПЕК-ке мүше елдердің мұнай өндірісін 1 млн 100 мың баррельге азайту туралы ұсынысын жеткізгенін айтты. 

Алжирдің Мұнай министрі мұнай бағасының төмендеуінің алдын алу қажеттігін айтып: «Мұнай бағасының төмендеуі әлемнің экономикасына зарар тигізеді. Сол себепті ОПЕК-тің келешектегі отырысы мұнай нарығын қазіргі дағдарыстан шығару үшін өте маңызды»,-деді.