АҚШ-тың президенттік сайлауында берілген дауыстарды қайта санауға өтініш жасалды
АҚШ-тың Демократтар партиясының президенттік сайлауда жеңіліс тапқан үміткері дауыстарды қайта санауды қолдады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тың Демократтар партиясының президенттік сайлауда жеңіліс тапқан үміткерінің сайлау штабы: «Хиллари Клинтон «Жасыл» партиясының үміткері Джил Стейннің АҚШ-тың бірнеше маңызды штатында дауыстарды қайта санау туралы өтінішін қолдайды»,-деп хабарлады.
АҚШ-тың сайлауалды науқанында аса көп қаржы көзін тарта алмаған «Жасыл» партиясының үміткері өткен бір аптада әлі де сайлаудың нәтижесін өзгертуге талпыныс жаса жатқан Клинтонның демеушілерінің арқасында дауыстарды қайта санауға жұмсалатын бірнеше миллион доллар жинап алды.
Өткен бірнеше күнде компьютерлік мамандар: «Электронды түрде дауыс берілген сайлау учаскелерінде Клинтонға берілген дауыстар басқа учаскелермен салыстырғанда 7 пайызға төмен болды. Мұның өзі хакерлердің сайлау жүйесіне енгенінің белгісі бола алады»,-деген уәж айтты.
АҚШ-тың қалаулы Президенті Дональд Трамп та дауыстарды қайта санау өтінішіне қатысты реакция білдіріп, өз мәлімдемесінде: «Сайлауда берілген дауыстарды қайта санауға жасалып жатқан талпыныстар алдаудың бір түрі»,-деді.