Зангане: Иран ОПЕК-тің Алжир отырысындағы келісіміне берік
Жел 01, 2016 09:23 Asia/Almaty
ОПЕК-тің Алжир отырысындағы өзінің мұнай өндіру мөлшерін арттыру келісіміне беріктігін қуаттады..
ШАНА ақпарат арнасының мәліметінше, Иранның Мұнай министрі Бижан Зангане сейсенбі күні Венада журналистерге берген сұхбатта: «ИИР мұнай өндіру мөлшерін қыркүйек айында ОПЕК-тің Алжир отырысында келіскен деңгейде сақтайды»,- деді.
ОПЕК мүшелерінің Алжирде өткен төтенше отырысында Иранның үлесі күнделікті 4 миллион 100 мың баррельге дейінгі мөлшерде келісілген болатын.
Бижан Зангане Алжир отырысының аясында Иранның ОПЕК-тен шығарылатын мұнай мөлшеріндегі санкцияларға дейін ие болған 13 пайыз үлесін қайтадан қайтарып алғысы келетінін қуаттады.