Зангане: Иран мен Бразилия мұнай барлау жұмыстары бойынша әріптестік жасайды
Иранның Мұнай министрі: «ИИР Бразилияның терең және жартылай терең суларда мұнай кен орындарын барлау және дамытуға қатысты тәжірибесін пайдаланады»,-деді.
Иранның Мұнай министрі Бижан Зангане сенбі күні Теһранда Бразилияның Қуат және кеніштер министрі Фернандо Фильомен кездесуінен кейін тілшілерге берген сұхбатта: «Бразилияның мұнай кеніштерін барлау және дамыту саласындағы жақсы тәжірибесі негізінде бразилиялық инвесторлардан Иранда мұнай өнеркәсібіне қатысты құрал-жабдықтар шығару саласына инвестиция салуды сұраймыз.
Иран елге инвестиция әкелетін бразилиялық компаниялардың шикі мұнайға деген қажеттілігін өтеуге дайын»,-деді.
Бразилияның Қуат және кеніштер министрі Фернандо Фильо Теһранда тілшілерге берген сұхбатында: «Бразилияның мұнай-газ компаниялары ирандық компаниялармен әріптестік жасап, Иран нарығында жұмыс істеп, осы елдің өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдықтарды шығару мүмкіндігін қолдан жібермейді»,-деді.