Ресей Каспий теңізінде үлкен жаттығу өткізеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i1921-Ресей_Каспий_теңізінде_үлкен_жаттығу_өткізеді
Ресейдің Қорғаныс министрлігі таяу арада Каспий теңізінде осы елдің үлкен жаттығуы өтетінін хабарлаған.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 01, 2016 18:00 Asia/Almaty
  • Ресей Каспий теңізінде үлкен жаттығу өткізеді

Ресейдің Қорғаныс министрлігі таяу арада Каспий теңізінде осы елдің үлкен жаттығуы өтетінін хабарлаған.

Германияның «Deutsche Welle» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Қорғаныс министрлігі дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде Каспий теңізінде әскери жаттығу өткізудің дайындық шараларының аяқталып, Ресейдің осы теңізде бекінген соғыс кемелерінің әскери амалдар үшін дайындалып жатқанын мәлімдеген.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде: «Каспий теңізіндегі үлкен жаттығуға Ресей армиясының 50-ден астам кемесі қатысып, құрлық, теңіз және әуедегі нысандарға қарай зымыран ату сияқты қимылдар жаттықтырылады» деп жазылған.

Ресей армиясының Каспий теңізінде жаттығу өткізуі осы ел Сирияда соғыс қимылдарын жүргізіп жатқандықтан маңызға ие болып отыр.

Ресей армиясы алғаш рет 2015 жылдың қазан айының жетісі күні Сирия армиясына қолдау көрсету мақсатында Каспий теңізінен 26 зымыран атты.

Ресей Иран ислам республикасының теңіз күшімен Каспий аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жақын ынтымақтастық жасауда. Ресейдің Қорғаныс министрлігі таяуда биыл ресейлік және ирандық флотилиялардың Каспий теңізіндегі екі елдің порттарында достық кездесулері өтетінін хабарлады.