Әлемнің 60 елі доллардың орнына ұлттық валюталарын қолданатынын қуаттады
(last modified Sun, 18 Dec 2016 15:45:25 GMT )
Жел 18, 2016 21:45 Asia/Almaty
  • Әлемнің 60 елі доллардың орнына ұлттық валюталарын қолданатынын қуаттады

Әлемнің 60 елінің өкілдері Түркияның Ыстамбұл қаласында халал өнімдер тақырыбында өткен әлемдік отырыста өздерінің сауда-саттық істерінен долларды алып тастайтындықтарын қуаттады.

Ыстамбұлда халал өнімдер тақырыбында өткен әлемдік отырыстың төрағасы: «Отырыста осы елдердің сауда айналымдарында доллардың орнына ұлттық валюталарды немесе алтынды қолдануға қатысты тақырыптар талқыға салынып, қарастырылды. Қазіргі кезде халал өнімдердің айналымы үш триллион долларға жеткен. Осындай нарықта ұлттық валюталармен немесе алтынмен сауда жасау  доллардың үстемдігінен құтылуға игі әсерін тигізеді» деді.

 

 

Тегтер