Жел 31, 2016 19:48 Asia/Almaty
  • Трамп Путинге америкалық дипломаттарды қумағанына байланысты алғыс айтты

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп жұма күні кешке Twitter-дегі жазбасында Ресей президенті Владимир Путиннің Вашингтонның бейсенбі күнгі әрекеттеріне жауап ретінде америкалық дипломаттарды қумау туралы шешімін мақтап, өзінің Путинді әрқашан парасатты адам санайтынын айтты.

ИРНА-ның хабарлауынша, Владимир Путин Вашингтонның бейсенбі күнгі 35 ресейлік дипломатты қуу әрекетіне реакция ретінде Обаманың сегіз жылдық президенттік кезеңін осындай әрекетпен аяқтауына өкініш білдірумен қатар, америкалық дипломаттарды өз елінен қумайтынын айтты.

Осы хабар жарияланғаннан кейін Дональд Трамп Путиннің бұл шешімін қалыптан тыс әрекет деп атады.

Америкалық саясаткерлер мен заң шығарушылардың барлығы дерлігі Ақ үйдің бұл әрекетін қолдап, кейбіреулері тіпті бұл реакцияны кеш шығарылған шешім деп атап отырған жағдайда Трамп осындай ұстаным білдіруде.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа әрекетінде шамамен 35 ресейлік дипломатты АҚШ-тан қуып, Ресеймен байланыстырылып отырған киберлік шабуылға жауап ретінде ресейлік 6 шенеунік пен 5 ұйымға қарсы санкция салды.

 

Тегтер