Сирия үкіметіне қарсылас топтар Қазақстанда өтетін келіссөздерге қатысудан бас тартты
Сирия үкіметіне қарсылас ондаған топ Қазақстанда өтетін келіссөздерге қатыспайтындықтарын хабарлады.
«Спутник» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Сирия үкіметіне қарсылас топтар дүйсенбі күні мәлімдемеге қол қойып, бұл елдегі атыс тоқтату бітімінің бұзылуы туралы уәж айтып, Астанада өтетін бейбітшілік келіссөздеріне қатыспайтындықтарын жариялаған.
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі сенбі күні кешке Ресей мен Түркияның Сирияда атысты тоқтату туралы ұсыныс қарарының жобасын бекітіп, Сирияның әртүрлі аймақтарындағы қақтығыстарды тоқтатып, халыққа көмек көрсетуді жылдамдатуды, сонымен бірге Астанада өтетін келіссөздерді қолдайтындықтарын жариялаған болатын.
Сирияда өткен жұманың алғашқы сағаттарынан атысты тоқтату келісімі іске асырылды.