Түркіменстан Иранға газ экспортын тоқтатуын саяси мәселе емес деп ақтады
(last modified Wed, 04 Jan 2017 03:25:42 GMT )
Қаң 04, 2017 09:25 Asia/Almaty
  • Түркіменстан Иранға газ экспортын тоқтатуын саяси мәселе емес деп ақтады

Түркіменстан СІМ осы елдің Иранға газ экспортын тоқтатуына қатысты уәжде оны саяси мәселе емес деп ақтады.

Түркіменстан СІМ өз мәлімдемесінде осы елдің Иранға газ экспортын тоқтату шарасына сілтеме жасап, Ашхабад үкіметінің осы әрекетін Иранның ұлттық газ компаниясының қарызын дер уақытында төлемеуімен байланыстырды. Түркіменстан осыдан екі күн бұрын екі жақты келісімшартқа қайшы әрекетте кенеттен Иранға газ жеткізілімін тоқтатып, Иранның солтүстік облыстары үшін көптеген қиыншылық тудырды. Түркіменстан 2009 жылы да қыстың қақаған аязында газ бағасын ұлғайту үшін Иранға газ жеткізілімін тоқтатқан болатын. Түркіменстанның Иранға газ жеткізілімін тоқтату әрекеті осы елдің президенті жұма күні Иранмен газ саласында жаңа меморандумға қол қойған жағдайда іске асып отыр. Сол меморандум бойынша Иранға газ экспорттау жалғасуы тиіс болған.

 

 

Тегтер