Түркия Сыртқы істер министрі: Сирияның бітім келіссөздері 23 қаңтарда Астанада өтеді
Қаң 04, 2017 23:14 Asia/Almaty
Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу: Сирия үкіметі мен оның қарсыластары арасындағы келіссөздер 23 қаңтарда Қазақстанның елордасы Астанада өтеді деді.
Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Сирия үкіметі мен оның қарсыластары арасындағы келіссөздердің 23 қаңтарда Қазақстанның елордасы Астанада өтетінін хабарлап: «Осы келісөздерді өткізу үдерісін әзірлеу үшін Ресей мамандары осы айдың 9-10 күндері Түркияға келеді. Түркия Ресеймен Сириядағы ымыраны бұзушыларды жазалауға қатысты ынтымақтастық жасайды, өйткені атысты тоқтату бітімін бұзу жалғаса беретін болса, Астанада өтетін келіссөздерге де өз әсерін тигізеді» деді.