Қаң 05, 2017 14:56 Asia/Almaty
  • Обама осы елдің әскерилерімен қоштасу рәсімінде де өтірік айтудан жалтармады

АҚШ Президенті Барак Обама осы елдің әскерилерімен қоштасу рәсімінде күлкі тудыратын уәждер айтып, ДАИШ лаңкестік тобының әлсіреуін АҚШ армиясының талпыныстарының нәтижесі деп атап: «АҚШ армиясы кез-келген қоқан-лоққыға төтеп беруге дайын болуы керек»,-деп қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Обама Вирджиния штатындағы «Майер-Хендерсон холл» әскери базасында сөйлеген сөзінде АҚШ армиясының амалдарына алғыс айтып, осы ел армиясы күштерінің Ирак пен Ауғанстанда болған кезеңіне тоқталып: «Ирак пен Ауғанстанда лаңкестердің жойылуы америкалық әскерилердің талпыныстарына қарыздар»,-деген уәж айтты.

Ресми деректер бойынша, Вашингтон мен оның батыс серіктестері, соның ішінде Франция, Ұлыбритания мен кейбір Батыс елдері Парсы шығанағы маңындағы кейбір араб елдерімен бірге Таяу Шығыстағы лаңкестік топтардың қаржылай және қару-жарақтық демеушілері болып саналған жағдайда АҚШ Президенті Ауғанстандағы лаңкестердің жойылуы және Ирак пен Сириядағы ДАИШ-ке қарсы коалицияның  жетістіктеріне  тоқталды.

 

Тегтер