Зариф рохинья мұсылмандарына қатысты БҰҰ-ның бас хатшысына хат жолдады
(last modified Sat, 07 Jan 2017 08:22:45 GMT )
Қаң 07, 2017 14:22 Asia/Almaty
  • Зариф рохинья мұсылмандарына қатысты БҰҰ-ның бас хатшысына хат жолдады

ИИР Сыртқы істер министрі БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерришке жолдаған хатында Мянмадағы рохинья мұсылмандарының мүшкіл жағдайына қатты көңіл бөлуді сұрады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Мьянмадағы рохинья мұсылмандарының күннен-күнге нашарлап бара жатқан жағдайына алаңдаушылық білдіріп: «Мьянма үкіметіне аталмыш мұсылмандардың құқықтарын бұзуды тоқтату мен оларға тез арада гуманитарлық көмек жеткізу қажеттігі жайлы хабарлау керек. Рохинья мұсылмандары өздерінің маңызды әрі бастапқы құқықтарының бірі, яғни туған жерге ие болу және оларды қорғайтын үкіметтің қамқорлығынан кенде қалған. Оның үстіне олар күнделікті өлім мен агрессиялық қатынасқа ұшырап отыр. Олардың көпшілігі басқа елдерге бас сауғалап кеткен.

Рохинья мұсылмандары жағдайының БҰҰ жарғысы мен адам құқықтарының негізгі құжаттарына қайшы келетіндігі халықаралық қауымдастық пен әлем мұсылмандарының  алаңдаушылығын тудырды.

Халықаралық қауымдастық Мьянма үкіметінен Рохиньядағы істерді толығымен өз қолына алып, зорлықшыл экстремистік топтардың Будда дінінің бейбітсүйгіш бейнесіне нұқсан келтіруге рұқсат бермейтінін күтеді» деп мәлімдеді.