Израильдің атауын түрлі компаниялардың әуе жолдарынан алып тастау үдерісі жалғасуда
Қаң 09, 2017 18:04 Asia/Almaty
Израильдің атауын карталардан алып тастау үдерісінің жалғасында тағы бір әуе компаниясы өз карталарында палестиналықтардың жерлері деген атауды қолданып, Израильдің атауын алып тастады.
Сан-Паулудан Марокконың астанасы Рабатқа ұшқан "Royal Air Maroc" әуе компаниясының рейсінде ұшақ мониторлары өзінің карталарында "Палестиналықтардың жерлері" деген атауды қолданып, Израильдің атауы мен оның барлық қалаларын алып тастады. 2015 жылы да француздық "Air France" компаниясы өз рейстерінде "Израиль" атауын алып тастаған болатын. Осындай әрекет Қытай мен Мысырдың әуе жолдарында да орын алды.
Тегтер