Сионистік режимнің президенті Грузияға сапар шекті
Қаң 09, 2017 18:24 Asia/Almaty
Сионистік режимнің президенті Реувен Ривлин дүйсенбі күні екі күндік сапармен Грузияның астанасы Тбилисиге келді.
Грузияның "Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы сапар Грузия мен сионистік режимнің дипломатиялық байланыс орнатуының 25- ші жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Сионистік режимнің президенті Реувен Ривлин осы сапарда Грузия президенті Георгий Маргвелашвили, премьер- министрі Георгий Квирикашвили және Парламент төрағасы Иракли Кобахидземен кездеседі. Сионистік режимнің Грузиямен байланысын кеңейту осы режим үшін Ресейдің үстінен тыңшылық жасауға мұрсат тудырады.
Тегтер