Венада Иранға қарсы санкциялардың күшін жоюға арналған жұмыс тобының отырысы өтті
(last modified Tue, 10 Jan 2017 08:11:11 GMT )
Қаң 10, 2017 14:11 Asia/Almaty
  • Венада Иранға қарсы санкциялардың күшін жоюға арналған жұмыс тобының отырысы өтті

Венада Иранға қарсы санкциялардың күшін жоюға арналған жұмыс тобының отырысы Иран мен «алтылық» тобына мүше елдердің сарапшыларынан құралған топтардың қатысуымен өтті.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның сарапшылық тобы дүйсенбі күні Венадағы жұмыс тобының отырысынан бұрын Қытай, Ресей  және АҚШ-ның топтарымен жеке кездесті.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары әрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуын бақылайтын штабтың басшысы Аббас Аракчи дүйсенбі күні: «ИИР «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелердің орындалмауына төзе алмайды. Сондықтан тиісті реакция білдіреді. АҚШ Конгресінің Иранға қарсы санкциялар енгізу заңының уақытын созуы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу болып табылады. ИИР-ның айқын жолдауын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясы мен «алтылық» тобының мүшелеріне жеткізу керек»,- деді.  

 

 

Тегтер