Қазақстан, Шри-Ланка, Әзірбайжан, Ирландия президенттері Руханиге көңіл айтты
Қазақстан мен Шри-Ланка пезиденттері ИИР Президентіне жіберген жеке жолдауларында Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Һашеми Рафсанджанидың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше сейсенбі күні Иран Президенті Хасан Руханиге жіберген жолдауында: «Қазақстан халқы екі елдің ынтымақтастығын кеңейтуге талпыныс жасаған аятолла Һашеми Рафсанджаниды ұмытпайды»,- деп жазды.
Қазақстандағы ИИР елшілігі аятолла Һашеми Рафсанджаниді еске алып, көңіл айтуға арналған дәптер ашты.
Шри-Ланка Президенті Маитрипала Сирисена да Хасан Руханиге жіберген жолдауында аятолла Акбар Һашеми Рафсанджанидың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Әзірбайжан Президенті Илһам Әлиев те Бакудегі Иран елшілігіндегі көңіл айту үшін ашылған дәптерде Иран мен Әзірбайжанның екіжақты қарым-қатынастарының кеңеюін қуаттап: «Аятолла Һашеми Рафсанджани көреген саясаткер ретінде екі елдің қарым-қатынастарын дамыту жолында көп жұмыс жасады»,- деп жазды.
Ирландия Президенті Майкл Хиггинс де Дублиндегі Иран елшілігіндегі дәптерде Иран үкіметі мен халқына көңіл айтқан жазба қалдырды.
Ливан Премьер-министрі Саад Харири Иран Президенті Хасан Руханиге жолдауында Иран үкіметі мен халқына аятолла Һашеми Рафсанджанидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтып: «Аятолла Һашеми Рафсанджани ИИР-ның іргетасын қалаушылардың бірі»,- деп жазды.