Теһран, Мәскеу және Анкара Қазақстанда Сирияға қатысты өтетін келіссөзді қолдайды
(last modified Sat, 14 Jan 2017 15:58:02 GMT )
Қаң 14, 2017 21:58 Asia/Almaty
  • Теһран, Мәскеу және Анкара Қазақстанда Сирияға қатысты өтетін келіссөзді қолдайды

Ресей СІМ Теһран, Мәскеу және Анкараны Қазақстандағы Сирияға қатысты келіссөзді қолдаушы мемлекеттер деп атады.

Ресей СІМ сенбі күнгі мәлімдемесінде Ресей  Иран және Түркиямен бірге қаңтар айының жиырма үші күні Қазақстанның елордасы Астанада өтетін Сирия үкіметі мен қарсыластарының өкілдері арасындағы Сирия бейбітшілік келіссөзі бағдарламасының демеушілері ретінде талпыныс жасайтынын мәлімдеді.

Ресей СІМ ресейлік, ирандық және түрік делегацияларының Мәскеуде  Сирия жөніндегі Астанада өтетін келіссөздердің көбірек табысқа жетуінің шешім жолдарын қарастырғанын айтты.

Ресей СІМ Мәскеу отырысына қатысушы тараптар Астанада өтетін келіссөздің маңыздылығын қуаттап, Сирияда баянды және ұзақ мерзімді ымыраны қамтамасыз етіп, лаңкестік топтармен күресті жалғастыруы үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2336 қарарының қабылдануына ұластырған келісімдерді іске асыру бағытында деп бағалады.

Иран, Ресей және Түркия СІМ-нің орынбасарлары Мәскеудегі келіссөзде Сирияның соңғы жағдайы мен сириялық тараптардың Астанадағы келіссөзі бағдарламасына шолу жасап, сол отырыстың көбірек табысқа жетуіне және Сирия дағдарысын саяси жолмен шешуге көмектесу үшін өзара кеңесулерін жалғастыруға келісті.

Астана саммиті Қазақстанда Сирия үкіметі мен оның қарсыластары өкілдерінің қатысуымен Иран, Түркия және Ресейдің қадағалауымен және БҰҰ өкілінің атсалысуымен өтеді деп жоспарланған.