Қаң 17, 2017 13:26 Asia/Almaty
  • Обама Трампқа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуға қатысты ескерту жасады

АҚШ Президенті елдің жаңадан сайланған президентіне «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуға қатысты ескерту жасады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, АҚШ Президенті Барак Обама дүйсенбі күні Иран мен «алтылық» тобының ядролық мәселеге қатысты келісімге келуінің жылдығында Дональд Трамп үкіметіне келісімді оңайлықпен бұзуға болмайтынын ескертіп: «Бұл келісім – Вашингтон мен Теһранның ғана емес, Иран мен әлемдік алты мемлекеттің арасындағы жылдарға созылған ынтымақтастықтың нәтижесі»,- деді. АҚШ Президентінің айтуы бойынша, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – тарихи келісім.

20-шы қаңтарда билікті өз қолына алатын Дональд Трамп президенттік сайлау науқанында сөйлеген сөзінде бұл келісімнен Вашингтонды шығаратынын немесе бұл келіссөздерді қайтадан қарастыратындығы туралы уәде берген болатын.

 

 

Тегтер