АҚШ елшілігі Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқаддасқа ауысады
АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті Дональд Трамп билікті қолына алып, жұмыстарына кірісердін қарсанында бұл елдің кейбір саяси топтары мен сионистік режимнің ақпарат құралдары Трамптың уәделерін орындау саласында АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқадасқа ауыстырғысы келетіні туралы хабарлады.
АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті Дональд Трамп билікті қолына алып, жұмысқа кірісу қарсаңында бұл елдің кейбір саяси топтары мен сионистік режимнің ақпарат құралдары Трамптың сайлауалды уәделерін орындау мақсатында АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқаддасқа ауыстырғысы келетінін хабарлады.
Кейбір сионистік ақпарат құралдары, соның ішінде «Гаарец» газеті: «АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті Дональд Трамп міндетіне кірісе салысымен өз елінің елшілігін Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқаддасқа ауыстырғысы келеді»,- деп жазды. Трамптың кеңесшілерінің бірі Келлиэнн Конвей: «Трамп биылғы жылдың қаңтар айының 27-сінде Ақ үйге аяқ басқан соң АҚШ елшілігін ешбір күмәнсіз Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқаддасқа ауыстырады»,- деді.
Трамп БҰҰ-ның Израильдің Бейт әл-Мұқаддастағы барлық әрекетін жалған санайтын №478-ші қарардың бекітілуі мен әлемдіктерден Израильдің Бейт әл-Мұқаддастағы саясатын қолдамауды талап еткеніне қарамастан, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқаддасқа ауыстыру туралы шешім қабылдауда. Сионистік режим бүгін АҚШ-тың жаңадан сайланған Президентінің тәжірибесіз саясаткер екенін пайдаланып, басып алынған Палестинаның жерлерінде, әсіресе Құдста өзінің билікқұмар саясаттарын алға ілгерілетпек. Сионистер үшін Құдстағы әрекеттері көп қаржыны қажет ететіндіктен өздерінің шығындарын АҚШ халқының мойнына артпақ. Құдс мәселесінің палестиналықтар мен бүкіл ислам әлемі үшін маңызды болуына байланысты АҚШ-тың Құдстағы Израильдің билеп-төстеу саясаттарына қолдау көрсетуі көмектесуші елдің саяси, дипломатиялық және мәдени салаларына көптеген шығын әкелуі мүмкін. Мұндай әрекеттер Трампқа қарсы ішкі және халықаралық сындарды арттырады. Күлдің астында жатқан өртті тұтату күтпеген жиіркенішті көтеруі мүмкін. Осы шындықтарға көңіл бөліп, АҚШ үкіметі АҚШ Конгресінің Израильдің Кнесеттінің АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқаддасқа ауыстыру туралы сан рет қайталаған талабын іске асырудан бас тартқан болатын. Бірақ Трамп бүгінде «қызыл сызықтан» өтіп, АҚШ-тың Өкілдер палатасының елшілікті Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқаддасқа ауыстыру шешімін іске асырмақ. Негізінде Израиль режимімен саяси-қарым-қатынасқа ие үкіметтердің көбі қоғамдық ой-пікірдің реакциясынан қорқып, сионистік режимнің талабын іске асырмай отыр. Бұл мәселеде Еуроодақ қырағылық танытып, АҚШ-тың өз елшілігін Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқаддасқа ауыстыру шешімінен өзін алыстатты. Еуроодақтың Сыртқы саясат бойынша жоғарғы өкілі Федерика Могерини Еуроодаққа мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің Брюссельдегі отырысынан кейін бұл Одақтың Тель-Авивте орналасқан дипломатиялық штабын Бейт әл-Мұқаддасқа ауыстырмайтынын мәлімдеді. Еуродақтың мұндай ұстанымы Трамптың саясаттарына байланысты қарсылықтардың халықаралық сахнаға таралуының белгісі болып, тіпті еуропалық үкіметтердің аймақтағы Израильдің билеп-төстеуші саясаттарын бұдан артық қолдағылары келмейтінін көрсетеді.