Польша мен Американың ортақ жаттығуы өтті
Польша президенті осы ел әскерилерінің америкалық әскерилермен бірлескен жаттығу өткізгенін хабарлады.
Польша президенті Анджей Дуда осы елдің әскерилері мен америкалық әскерилердің бірлескен жаттығуда Ресейдің ықтималды шабуылына тосқауыл қою тәсіліне машықтанғанын мәлімдеп: «Польшалық және америкалық әскерилердің бірлескен жаттығуында Американың жаңа қарулары қолданылды. Осы жаттығу 3500 әскеридің қатысуымен Польшаның батысында орналасқан Жагань қаласында өтті» деді.
Ресей Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы НАТО мен Американың әскери күштерінің өз шекараларының маңындағы әскери әрекеттеріне байланысты ескерту жасап отырған жағдайда Америка мен оның еуропалық одақтастары арандатушылық әрекеттерді орындауда.