Американың жоғары сотының алдында шеру өтті
Американың бір топ азаматы осы елдің жоғары соты судьясы көмекшісінің Трамп тарапынан сайлануына наразылық білдіріп, шеруге шықты.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың саясаттарына қатысты Америкадағы наразылықтардың жалғасында америкалықтар бұл жолы Нил Горсачтың жоғары сотта судьяның көмекшісі болып сайлануына наразылық білдіріп, шеру өткізді.
Сейсенбі күні Вашингтонда Американың жоғары сотының алдында өткен шеруге қатысушылар Горсачты сол лауазымға лайық емес деп атады. Шерушілер сондай-ақ осы шараға қарсы тұратындықтарын, өйткені оны Американың Конституциясына жасалған шабуыл санайтындықтарын мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні түстен кейін Американың уақытша бас прокуроры Салли Йетсты үкіметтің миграцияға қарсы саясатына келіспегені үшін қызметтен босатты.
Әділет министрлігін уақытша басқарған Йетс Трамптың жеті ел азаматтарының Америкаға кіруіне тыйым салу жөніндегі жарлығын қорғамайтынын мәлімдеген болатын.