Америкалықтардың Иранның жаңа зымырандық сынағы жөніндегі уәждері жалған
https://parstoday.ir/kz/news/world-i24189-Америкалықтардың_Иранның_жаңа_зымырандық_сынағы_жөніндегі_уәждері_жалған
Иран ислам республикасының Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі америкалықтардың Иранның жаңа зымырандық сынағы жөніндегі жуырдағы уәждерін жалған деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 09, 2017 17:35 Asia/Almaty
  • Америкалықтардың Иранның жаңа зымырандық сынағы жөніндегі уәждері жалған

Иран ислам республикасының Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі америкалықтардың Иранның жаңа зымырандық сынағы жөніндегі жуырдағы уәждерін жалған деп атады.

Сардар Хосейн Деһқан америкалықтардың Иранның жаңа зымырандық сынағы жөніндегі уәждеріне көрсеткен реакцияда: «Осы жасанды уәждердің мақсаты жау табу және Иранға үрке қарау болып табылады. Иран халқы олардың психикалық, насихаттық соғысы мен қоқан-лоққыларына ертең, жұма 11- ші ақпан күнгі шерулерде жауап береді» деді. Сардар Деһқан осындай кеңістік қалыптастыруларға қатысты Иранның тұрғысы туралы: «Иран ешқандай жаңа зымырандық сынақ өткізген жоқ. Бұған қоса, егер осындай сынақ жасалған болса да, оның америкалықтарға қатысы жоқ» деді.