Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі отставкаға кетті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i24314-Трамптың_ұлттық_қауіпсіздік_жөніндегі_кеңесшісі_отставкаға_кетті
Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі отставкаға кетті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 14, 2017 11:23 Asia/Almaty
  • Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі отставкаға кетті

Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі отставкаға кетті.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ақ үй сейсенбі күні Майкл Флиннің АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің отставкаға кетіп, бұл лауазымға уақытша Кейт Келлогтың тағайындалғанын мәлімдеді.

Майкл Флинн өзінің отставкаға кету туралы өтінішінде АҚШ-тың вице-президенті Майкл Пенске Ресейге қарсы санкциялар мәселесіне қатысты түпкілікті ақпарат бермегенін жазған.

Біраз бұрын Майкл Финнің Ресейдің үкімет қайраткерлерімен байланысы мәселесі көтерілген. АҚШ-тың Әділет министрлігі Ақ үйге Флиннің Ресейдің үкімет қайраткерлерімен байланысы туралы ескерткен болатын.

АҚШ-тың Бас прокуроры қызметін уақытша атқарып жүрген Салли Йатс қаңтар айының аяқ шенінде Ақ үйге Флиннің Ресейдің Вашингтондағы елшісімен телефон арқылы сұхбаттарының мазмұны туралы өтірік айтқанын мәлімдеген болатын.