НАТО – Еуропаның шығысына төніп тұрған қатер
Жуырда өткізілген сауалнаманың нәтижелеріне сәйкес, Сербия мен Ресей халқының басым бөлігі Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы НАТО-ны Еуропаның шығысына қауіп-қатер төндіріп тұр деп санайды.
ИРНА-ның хабарлауынша, сейсенбі күні Gallup америкалық қоғамдық пікір институты жариялаған сауалнаманың нәтижелері кейбір еуропалық елдердің, соның ішінде, Сербия мен Ресей халқының басым бөлігінің НАТО-ны қатер деп санайтынын көрсетті.
Осы сауалнаманың нәтижесінен белгілі болғандай, Сербия халқының тек алты пайызы ғана НАТО-ның өз елін қорғайтындығына сенімді. Алайда бұл ел халқының 64 пайызы НАТО-ның Еуропаның шығысы мен өз еліне қауіп-қатер төндіріп тұрғаны туралы пікір білдірген.
Ресейде де халықтың 67 пайызы НАТО ұйымын қауіп деп атап, тек 3 пайызы ғана оны өз елдерін қорғайтын ұйым деп мәлімдесе, халықтың 20 пайызы бұл мәселеге немқұрайдылық танытқан.