АҚШ-тың бақытсыз және үмітсіз бейнесі бүкіл әлемге белгілі болды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i24530-АҚШ_тың_бақытсыз_және_үмітсіз_бейнесі_бүкіл_әлемге_белгілі_болды
Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары: "Бүгін АҚШ-тың түңілген, үмітсіз бейнесі барша әлемге белгілі болды»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 20, 2017 19:36 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың бақытсыз және үмітсіз бейнесі бүкіл әлемге белгілі болды

Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары: "Бүгін АҚШ-тың түңілген, үмітсіз бейнесі барша әлемге белгілі болды»,- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусының бас қолбасшысының орынбасары бригада генералы Хосейн Салами дүйсенбі күні Альборз облысында сөйлеген сөзінде АҚШ басшыларының осы ел әскерінің жағдайы туралы айтылған мәлімдемелеріне сілтеме жасап: "Бүгінде Исламның дұшпандары жеңіліс тауып, үміттерін үзді. Тіпті АҚШ басшылары сөздерінде АҚШ әскерінің әскери қуатының азайып, әлсірегенін мойындады.

АҚШ президенті Дональд Трамптың елінің әуе флоты кемелерінің ұшуға жарамайтынын, сонымен қатар АҚШ-тың әскери мәселелерімен қоса, бұл ел миллиондаған адамдардың кедейшілігі мәселесімен бетпе-бет келіа отыр. Мұның бәрі америкалықтардың әрекет ету күштерінің жоқ екендігін, олардың тек бос сөз сөйлетінін дәлелдеп отыр.

Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары сондай-ақ Иранмен соғысу тақырыбының аяқталғанына сілтеме жасап: "Бұл мәселенің себебі джиһад аясындағы Иранның тежеу қуатын екі есе арттырған Иранның әскери инфрақұрырылымдарын құруында",- деп мәлімдеді.