АҚШ сионистік режимді қолдауды жалғастыратынын қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i24656-АҚШ_сионистік_режимді_қолдауды_жалғастыратынын_қуаттады
АҚШ президентінің орынбасары осы елдің сионистік режимді жақтау саясатының жалғасында АҚШ президенті үшін Израильдің қауіпсіздігін сақтаудың басты бағдарда тұрғанын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 25, 2017 18:13 Asia/Almaty
  • АҚШ сионистік режимді қолдауды жалғастыратынын қуаттады

АҚШ президентінің орынбасары осы елдің сионистік режимді жақтау саясатының жалғасында АҚШ президенті үшін Израильдің қауіпсіздігін сақтаудың басты бағдарда тұрғанын айтты.

ИРНА-ның хабарлауынша, АҚШ президентінің орынбасары Майк Пенс Лас-Вегаста еврейлердің жылдық отырысында: «АҚШ президенті Дональд Трамп  Палестина мен Израиль арасындағы бейбітшілік келіссөздерін қолдап отырғанымен, ешқашан Израильдің қауіпсіздігі мәселесінде бітімге келмейді» деді.

Майк Пенс сондай- ақ Американы Палестина мен Израиль арасындағы бейбітшілікті қолдаушы деп таныстырып: «Кез-келген келісім тараптар арасында қалыптасуы керек. Израиль де сөзсіз кейбір мәселелер бойынша бітімге келуі керек» деді.

Америка қоғамдық пікірді алдауға және өзінің Израильдің қылмыстарына қолдау көрсетуін ақтауға кейде символикалық түрде халықаралық қауымдастықпен бірге осы режимнің соғысқұмарлық және экспансистік шараларын, соның ішінде сионистер тұратын қалашықтарды кеңейтуін айыптайды.