Жаңа Орлеандағы оқиға салдарынан жиырма сегіз адам жарақат алды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i24676-Жаңа_Орлеандағы_оқиға_салдарынан_жиырма_сегіз_адам_жарақат_алды
Бір адам АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында мерекелік шараға жиналған халыққа қарсы көлігімен жасаған әрекетте 28 адамды жарақаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 26, 2017 11:10 Asia/Almaty
  • Жаңа Орлеандағы оқиға салдарынан жиырма сегіз адам жарақат алды

Бір адам АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында мерекелік шараға жиналған халыққа қарсы көлігімен жасаған әрекетте 28 адамды жарақаттады.

PressTV ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиғаның кейбір  құрбандарының халі өте ауыр. Бұл оқиға сенбі күнгі Марди Гра мерекесі кезінде орын алған.

Полиция оқиғаның лаңкестік шабуыл емес екендігін мәлімдеді. Оқиғаға кінәлі адам мас күйінде көлік жүргізгені үшін айыпталып, одан жауап алу шаралары жүзеге асырылып жатыр.

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, Пикап көлігінің жүргізушісі халықты қақпас бұрын бір жүк машинасымен соғысқан екен.

Оқиғаға куә болған адам жергілікті ақпарат агенттігіне берген сұхбатта: "Жүргізуші өзінің не істеп жатқанын түсінбегендей көрінді",- деді.

Христиандардың діни мерекесі саналатын Марди Гра – әлемнің көптеген елдерінде жыл сайын тойланатын дәстүрлі мерекелердің бірі.