АҚШ-тың аппеляциялық соты Трамптың талабын тағы қабылдамады
АҚШ-тың аппеляциялық соты дүйсенбі күні бұл елдің Әділет министрлігінің Дональд Трамптың мигранттарға қарсы бұйрығын тоқтату туралы шешімін өзгертуге қатысты талабын тағы да қабылдамады..
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ Соты ақпанның 5 күні жеті исламдық елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салуды жалғастыруға қарсылық білдірген болатын.
Вашингтон штатының Сиэтл қаласының федералық соты Джемс Робарт ақпанның 3-інде Вашингтон мен Минесота прокурорларының дәлелдерін қабылдап, Трамптың мигранттарға қарсы бұйрығын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл шешімнен кейін АҚШ үкіметі ресми түрде Сиэтл сотын Дональд Трамптың бұйрығын тоқтату үкімін қайтадан қарастыруды сұрады.