Нау 02, 2017 16:47 Asia/Almaty
  • Америка әл-Бағдадиды Мосулден шығаруға талпыныс жасауда

Ирактың "Асаэб Аһл-е Хақ" қозғалысының ақпарат хатшысы: "Делта" деп аталатын америкалық арнайы күштер ДАИШ лаңкестік тобының жетекшісі Әбубәкір әл-Бағдадиды Мосулдың батысынан шығаруға тырысуда» деп мәлімдеді.

«Alalam» хабар арнасының мәлімдеуі бойынша, Ирактың халықтық ерікті күштеріне қарасты "Асаэб Аһл-е Хақ" қозғалысының ақпарат хатшысы Джавад әл-Талибави: «Америкалық ұшақтар осы аптада Мосулдың "Падуш" аймағына қонып, ДАИШ- тің екі жетекшісін аймақтан шығарды. «Делта" деп аталатын америкалық арнайы күштер сондай-ақ ДАИШ- тің басшылары мен ДАИШ-тің іс-қимылдарын жоспарлайтын араб әрі араб емес елдерге қарасты барлаушы офицерлерды Мосулдің батыс аймағынан шығаруға талпыныс жасауда. Америкалық қайраткерлер ДАИШ- тің көзін жою туралы талпыныс жасап жатырмыз деген уәж айту арқылы Ирак армиясы мен халықтық күштерінің еңбектерін өз атына жазуды көздеп отыр» деді.

 

 

Тегтер