Иран – Қазақстанның стратегиялық серіктесі
https://parstoday.ir/kz/news/world-i24856-Иран_Қазақстанның_стратегиялық_серіктесі
ҚР-ның Инвестициялар және Даму министрі Жеңіс Қасымбек ИИР-ның Орталық банк төрағасының шетел валютасы жөніндегі орынбасарымен кездесуінде Иран Ислам Республикасын Қазақстанның стратегиялық серіктесі деп қуаттап, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды, әсіресе экономика саласындағы қатынастарды дамыту жолындағы кедергілерді жоюға мүдделік танытты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 04, 2017 10:05 Asia/Almaty
  • Иран – Қазақстанның стратегиялық серіктесі

ҚР-ның Инвестициялар және Даму министрі Жеңіс Қасымбек ИИР-ның Орталық банк төрағасының шетел валютасы жөніндегі орынбасарымен кездесуінде Иран Ислам Республикасын Қазақстанның стратегиялық серіктесі деп қуаттап, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды, әсіресе экономика саласындағы қатынастарды дамыту жолындағы кедергілерді жоюға мүдделік танытты.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР-ның Орталық банк төрағасының шетел валютасы жөніндегі орынбасары Ғоламали Камиаб жұма күні ҚР елордасы Астана қаласында өткен кездесу кезінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік қатынастары мен шетел валютасының аударымдарын кеңейту мақсатында қажетті стратегиялар жасау ісіне сілтеме жасап: "Ұлттық валюта негізінде екі ел банктерінің ынтымақтастықтарын кеңейту қажет",- деп баса айтты.

Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар екі ел банктері арасындағы ынтымақтастықтарды кеңейтуге бағытталған ұсыныстар мен стратегияларды Иран мен Қазақстанның банк басшылары мен мамандарынан құралған арнайы топ арқылы қадағалауға келісті.

ИИР президентінің 2016 жылдың наурыз айындағы Қазақстан сапары барысында екі ел басшылары Теһран мен Астананың банк саласына қатысты мәселелерін шешуді қуаттаған болатын.