АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа ауыстыру мақсатындағы талпыныстар жалғасып жатыр
АҚШ Конгресінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бір делегацияны бастап, сионистік режимнің қайраткерлерімен кездесіп, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа ауыстыру туралы сұхбаттасты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Рон Де-Сантис жексенбі күні 1948 жылы басып алынған жерлерде сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездесіп, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа ауыстырудың жолдары жайлы сұхбаттасып, АҚШ-тың жаңа елшілігінің Бейт ул-Мұқаддастағы ықтималды орнын көріп қайтты.
Сионистік режимнің Сыртқы істер министрінің орынбасары Ципи Хотовели де АҚШ делегациясымен кездескен соң АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен Құдсқа ауысуына қатысты оң көзқарас білдірді.
АҚШ елшілігінің аты аталмаған бір қайраткері: «АҚШ Президенті Дональд Трамп АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа ауыстыру жобасын байсалды түрде ойластырып, қарастырып жатыр»,-деді.
АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа ауыстыру жобасы – Трамптың сайлауға дейін берген уәделерінің бірі. Бұл жоба палестиналықтар мен әлемдік қауымдастықтың қатаң сынына ұшырады.
Осыдан бұрын Палестина автономды құрылымының басшысы Махмуд Аббас АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа ауыстырудың қатеріне тоқталып: «АҚШ елшілігін Құдсқа ауыстыру тәуелсіз Палестина мемлекетін құру үдерісі мен аймақтың қауіпсіздігі мен тыныштығына кері әсерін тигізуі мүмкін»,-деген болатын.