Американың әрекеті халықаралық құқық ережелеріне қайшы
Нау 08, 2017 18:45 Asia/Almaty
Иранның Экономика және қаржы істер министрі Әли Тайебния Иранның өз құқығын қорғау үшін барлық мүмкіндіктерді қолданатынын қуаттап: «Америкалықтардың Иранның шетелдегі мал- мүлкін тәркілеудегі мақсаты мен Иранның байлықтарына қолсұғушылығы халықаралық заңдарға әшкере түрде қайшы келеді. Әлемнің барлық жеріндегі осы байлық орталық банкке тиесілі. Барлық елдер оны құрметтеуі тиіс» деді.
Люксембургтік бір судья Батыстың АҚШ-тың жетекшілігіндегі Иранға қарсы өшпенді саясатының жалғасында сол елдегі Иран ислам республикасының Орталық банкіне тиесілі байлықтардан бір миллиард 600 миллион долларды бөгеуге жарлық шығарды.
Тегтер