Сионистік режимнің ядролық қатерлерін зерттеу халықаралық деңгейде қуатталды
Атом Қуаты халықаралық агненттігіндегі (АҚХА) Иранның тұрақты өкілі Реза Наджафи бейсенбі күні сионисттік режимнің ядролық қаруларын халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік үшін қауіп төндіретінін айтып, АҚХА-дан осы режимнің ядролық қару бағдарламасын шындап зерттеуін сұрады.
Атом Қуаты халықаралық агненттігіндегі (АҚХА) Иранның тұрақты өкілі Реза Наджафи бейсенбі күні сионистік режимнің ядролық қаруларының халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік үшін қауіп төндіретінін айтып, АҚХА-дан осы режимнің ядролық қару бағдарламасын шындап зерттеуін сұрады.
Сонымен қатар, Атом Қуаты Халықаралық агенттігіндегі Иранның тұрақты өкілі кейбір Батыс елдерінің Израильге ядролық материалдар мен құрылғыларды тарату, оларды жеткізу мен осы саладағы кез-келген ынтымақтастыққа тыйым салуға байланысты екіжақты қатынасын қатты сынға алып, тарихы зорлық-зомбылық, басқыншылық пен мемлекеттік лаңкестікке толы сионистік режимнің қолындағы ядролық қаруларды халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін төніп тұрған қауіп деп мәлімдеді.
Таяу Шығыс аймағындағы ядролық қаруға ие жалғыз мемлекет үнемі жаппай қыру қаруларына байланысты келісімдерге қол қоюдан бас тартып, осы саладағы әрекеттерінде екіұшты саясат ұстанып келеді. Сионистік режим басып алынған Палестинада атомдық қаруларды өндіріп және сақтау, сонымен қатар химиялық қарулар шығару арқылы Таяу Шығыс аймағын жаппай қырып-жою қаруларының қоймасына айналдырды. Бұл сионистік режимнің қиратушы және зорлық көрсету болмысы негізінде Батыс мемлекеттерінің көмегімен ядролық қаруларды өндіруді арттыруға мүдделі жағдайда орын алып отыр. Түрлі есептеулерге сәйкес, қазір сионистік режим шамамен 300-ге жуық ядролық оқтұмсыққа ие. Сионистік режим өзінің ядролық-әскери бағыттағы әрекеттерін жалғастыруда. Ол ядролық қаруларды өндіру мен таратуға тыйым салатын келісімдерге қол қоюдан бас тартып отыр. Бұл режим, тіпті Атом қуаты халықаралық агенттігінің инспекторларына өзінің ядролық құрылғыларын көруге рұқсат бермейді.
Израиль, АҚШ пен ядролық қаруға ие басқа да тараптардың ядролық қаруларды тарату мақсатындағы шараларын күшейтуі әлемдік ядролық қарусыздандыру келісімдерін бұзу болып саналады. Ядролық қарусыздандыру келісіміне сәйкес, ядролық қаруы бар барлық тараптар айқын түрде, қайтарусыз және халықаралық бақылау арқылы өзіндегі атомдық қаруларды тез арада толығымен жою үшін қажетті шара қолдануы тиіс. Ал сионистік режим, АҚШ пен тағы да басқа басқыншы мемлекеттер керісінше ядролық қаруды өндіруге бағытталған шараларын бұрынғыдан бетер күшейте түскен.
Сионистік режимнің ядролық қауіп-қатері тек ядролық оқтұмсықтарды өндіру және жинаумен ғана шектеліп қалған жоқ. Осы режимнің әбден тозып біткен атом электр стансалары жұмысы салдарынан туындаған радиоактивті ластану алыста орналасқан территориялардың ядролық радиацияға ұшырауына себеп болып, аймақ үшін қатерлі салдарға соқтырған болатын.
Әлемді адам баласына қарсы сионистік режимнің қатерлерінен сақтау халықаралық басымдылыққа ие мәселелердің бірі саналады. Осы орайда халықаралық қауымдастықтың мойнына сындарлы міндеттер жүктелген. Бұл мәселені қоғамдық пікір бірнеше рет баса айтқан болатын. Бірақ халықаралық қауымдастықтар батыс мемлекеттердің іріткі салу салдарынан Құдсты басып алған режимге қарсы шара қолдануына кедергі болып келеді.
Осындай жағдайда әлемдік қауымдастық, соның ішінде Иран мен араб елдерінің көпшілігі Атом қуаты халықаралық агенттігінің басшыларын батыс мемлекеттердің ұсыныстарына ермей, сионистік режимнің әлемге төндіріп отырған ядролық қауіп-қатерлеріне қатысты зерттеу жұмыстарын тез арада байсалды түрде өзінің күн тәртібіне енгізу арқылы сионистік режимнің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке бұрынғыдан артық төніп тұрған қауіп-қатердің алдын алуын сұрады.