Астана келіссөздері Женевада сириялық диалогтың басталуына жағдай жасады
(last modified Sun, 12 Mar 2017 08:55:46 GMT )
Нау 12, 2017 14:55 Asia/Almaty
  • Астана келіссөздері Женевада сириялық диалогтың басталуына жағдай жасады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі: «Астана келіссөздері Женева келіссөздерін қайта бастауға жағдай жасады»,-деп хабарлады.

Press TV ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бір мәлімдемесінде: «Қазақстанның елордасы Астана қаласындағы келіссөздерде қол жеткізілген атысты тоқтату бітімі негізінде саяси диалогтар жалғасатын болады»,-деді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі, сондай-ақ, осы ұйымның қолдауымен Женева қаласында өткен келіссөздердің соңғы кезеңінің нәтижесіне ризалық білдірді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өз мәлімдемесінің басқа бір бөлігінде Сирияның қарсыласушы фракцияларын диалогтың келесі кезеңіне сындарлы да алғышартсыз қатысуға шақырды.

Бұл халықаралық ұйым өз мәлімдемесінде, сонымен қатар, Сирияның бүкіл аумағында атысты тоқтату бітімінің толық сақталу қажеттігін қуаттады.

Сирияның қанды қақтығыстар алаңына айналғанына шамамен алты жыл болды.

БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура  осыдан бұрын: «Сирияда қақтығыстар басталғаннан бері 2016 жылдың тамыз айына дейін 400 мыңнан астам адам қаза тапты»,-деген болатын.