Америкада "Бір мұсылманмен кездесу" атты ұйымдасқан шара өтті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i25152-Америкада_Бір_мұсылманмен_кездесу_атты_ұйымдасқан_шара_өтті
Ислам туралы біліксіздікке тосқауыл қою мақсатында Америкада "Бір мұсылманмен кездесу" атты ұйымдасқан шара өтті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 12, 2017 19:41 Asia/Almaty
  • Америкада

Ислам туралы біліксіздікке тосқауыл қою мақсатында Америкада "Бір мұсылманмен кездесу" атты ұйымдасқан шара өтті.

Американың мұсылман жастар қоғамы осы ел халқының мұсылмандармен көбірек танысуы және ислам жөніндегі біліксіздіктерді жою үшін сенбі күні "Бір мұсылманмен кездесу" атты ұйымдасқан шара өткізді.
Жүздеген ерікті мұсылман Американың 50-ден астам қаласында 124 мекенде болып, халықтың ислам туралы сұрақтарына жауап берді.
"Бір мұсылманмен кездесу" атты ұйымдасқан шара өткізудің негізгі мақсаты америкалықтарды мұсылмандар және исламмен таныстыру, сонымен қатар мұсылмандарға қарсы қатыгездіктің қатаң ұлғаюын тоқтату болды.
"Бір мұсылманмен кездесу күні" атты ұйымдасқан шара сондай-ақ Американың қалаларында жүздеген мұсылманның шеру өткізуімен бір уақытта өтті.
Американың федералды полициясының мәліметі бойынша, 2015 жылы мұсылмандарға қарсы жиіркеніштен туындаған қылмыстар ұлғайды.
Мәліметтер соңғы айларда Дональд Трамптың президенттік кезеңінің басталуымен Америка мұсылмандары мен мешіттеріне қарсы шабуылдардың қатты ұлғайғанын аңғартады.