Тәжікстандағы АҚШ елшілігі экстремизммен күресу туралы білім курстарын өткізуде
https://parstoday.ir/kz/news/world-i253-Тәжікстандағы_АҚШ_елшілігі_экстремизммен_күресу_туралы_білім_курстарын_өткізуде
Душанбедегі АҚШ елшілігі өз мәлімдемесінде Тәжікстанның Қорғаныс, Ішкі істер, Спорт және туризм министрліктері мен дін істері үкіметтік комитеті, сондай-ақ жастар комитетінің 22 жауапты қызметкері үшін әсірешілдікке тосқауыл қою туралы білім курстарын бастады деп мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 02, 2016 20:18 Asia/Almaty
  • Тәжікстандағы АҚШ елшілігі экстремизммен күресу туралы білім курстарын өткізуде

Душанбедегі АҚШ елшілігі өз мәлімдемесінде Тәжікстанның Қорғаныс, Ішкі істер, Спорт және туризм министрліктері мен дін істері үкіметтік комитеті, сондай-ақ жастар комитетінің 22 жауапты қызметкері үшін әсірешілдікке тосқауыл қою туралы білім курстарын бастады деп мәлімдеді.

АҚШ елшілігінің мәлімдемесінде осы білім курстарын өткізудің мақсаты Тәжікстанның үкіметтік органдарын лаңкестік қауіп-қатерлерге тосқауыл қоюда, Вашингтон мен Душанбе үкіметі арасында әсірешіл топтарды анықтап әрі олардың әрекеттерін залалсыздандыру ісі бойынша үйлестіру деп аталған.

Мамандардың пайымдауынша, Орталық Азияда экстремизмнің өсуінің маңызды себептерінің бірі АҚШ- тың араласушылық саясаты мен аймақтағы әскери құзыры болып табылады.