БҰҰ-ның Бас хатшысы Израильдің кеңістік тудыруы мен басқыншылықтарына жақтастық білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i25356-БҰҰ_ның_Бас_хатшысы_Израильдің_кеңістік_тудыруы_мен_басқыншылықтарына_жақтастық_білдірді
Сионистік режим армиясының ақпарат хатшысы осы режим қырғи ұшақтарының Сириядағы базаларға шабуылы туралы хабарларды растады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 19, 2017 11:14 Asia/Almaty

Сионистік режим армиясының ақпарат хатшысы осы режим қырғи ұшақтарының Сириядағы базаларға шабуылы туралы хабарларды растады.

Жалпы, сионистік режим Сирияда белгілі бір нысаналарды бомбалағанын өте сирек мойындайды. Бұл режим Израиль қырғи ұшақтарының Сириядағы Хезболланың қосындарына қарай бара жатқан  дамыған зымырандар тиеген жүк көліктерін нысанаға алғанын айтты. Сионистік режимнің Таяу Шығыс  аймағындағы қарсыласу күштеріне қарсы уәждері БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гуттериш те Ливан Хезболласына қарсы кеңістік тудырып, Ливан қарсыласуымен күрес жолында сионистерге жақтасатынын білдірген жағдайда айтылып отыр.

БҰҰ-ның Бас хатшысы осы ұйымның Қауіпсіздік кеңесіне берген есебінде Ливан Хезболласын қарусыздандыру қажеттігіне тоқталып, осы партия мен Ливанның барлық топтарынан Сириядағы қақтығыстарға қатысуды тоқтатуды талап етті. БҰҰ-ның Бас хатшысы сионистік режимнің аймақта Сирия мен Ливанға қарсы басқыншылықтары мен соғысқұмарлығын айыптаудың орнына және сионистерге қарсыласу өзегінің аймаққа импортталған лаңкестермен күрестегі табандылығын айтудың орнына осы өзекті сынға алды. Сионистік режимнің Сирия мен Ливанның аумақтық  тұтастығын бұзып, үсті-үстіне басқыншылық жасауы халықаралық құқықтардың негізгі принциптерінің бірі, яғни соғыс пен зорлыққа тыйым салу болған жағдайда жасалып отыр. Шын мәнінде, соғыс пен басқыншылыққа иек арту халықаралық құқықтарды бұзатын әрекет ретінде танылған.  БҰҰ осы ұйым жарғысының 2 бабының 4 тармағына сәйкес күш көрсетіп, зорлық жасауға толығымен тыйым салуды қарастырған. Осы ұйымға мүше елдер халықаралық қатынаста кез-келген елдің аумақтық  тұтастығына немесе саяси тәуелсіздігіне қоқан-лоққы жасап, күш көрсетуден және БҰҰ-ның мақсаттарына қайшы келетін кез-келген әрекетті жасаудан бас тартуы тиіс. БҰҰ осыған орай  соғыс пен зорлыққа тыйым салу және елдердің егемендігін бұзбау қажеттігіне негізделген көптеген қарарлар мен декларациялар қабылдады.

Осындай жағдайда сионистік режим халықаралық құқықтарға көңіл аудармастан, Сирияның егемендігін бұзып, әртүрлі мақсаттарды көздеп отыр.  Осы мақсаттардың бірі Сирияға соққы беруге талпыну және осы елді өзінің басқыншылығы мен үстемдігі алдында әлсірету болып табылады.  

Сионистік режим, сондай-ақ, Сирия жеріне басқыншылықтарды үдету, соның ішінде осы елдің астанасына жақын аудандарды нысанаға алу арқылы Сирияның стратегиялық орталықтарында кеңістік ашып, осы елде жеңіліс тапқан лаңкестердің белсендігін жалғастыруға жағдай жасауды көздеп отыр.

БҰҰ-ның Бас хатшысы АҚШ пен Израильдің айтқандарына көніп, сионистерге жақтасатын позиция ұстанып отыр. БҰҰ Бас хатшысының сионистік режимнің Сирияға басқыншылығын түсіндіруге және соған жақтасуға, Ливанның қарсыласу қозғалысына қарсы кеңістік тудыруға бағытталған дұрыс ойластырылмаған саясаты қоғамдық пікірдің қатаң сынына ұшырады.  БҰҰ Бас хатшысының Ливан Хезболласына қарсы үгіт-насихаттық жанжалдары Хезболла партиясының Ливан қоғамының негізгі бөліктерінің бірі, Израиль басқыншыларын Ливанның оңтүстігінен шығарған қарсыласу өзегінің бір бөлігі және лаңкестікке қарсы амалдар жүргізуде Ливан қорғанысының бір тірегі болып саналатын жағдайда жасалып отыр. Осы тұрғыдан Ливан халқы мен басшылары Хезболланың Израильдің лаңкес режимінің басқыншылығына қарсы тежеуші рөл атқарғанына алғыс айтып, Хезболланың Сирия үкіметі мен халқына жақтасып, тәкфиршіл лаңкестерге қарсы амалдар жүргізгеніне қолдау көрсетті.  Ливанның қоғамдық пікірі БҰҰ Бас хатшысының сөздерін бір елдің ішкі ісіне қатысты міндеттерінен тыс әрекет деп бағалады. БҰҰ Бас хатшысының қатынасы мынадай қауесет тудырды: ол іс жүзінде сионистік режим мен Батыс елдерінің мүддесіне бола өзінің өкілеттігі шеңберінен шықты. Бұл осы лауазымда аз уақыт қана жұмыс істеген Антониу Гуттериштің беделіне сызат түсірді.