Иран мен Австралия арасындағы келісім теріске шығарылды
Австралиядағы Иран елшісі "Иран мен Австралия арасында босқындарды мәжбүрлеп қайтару үшін ешқандай келісім жасалған жоқ" деді.
Австралиядағы Иран елшісі Абдолхосейн Ваһаджи Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің Канберраға сапары қарсаңында: «3 миллион ауған босқынды қабылдап отырған Иран сияқты Австралия да босқындарды қабылдауы керек» деді. Ваһаджи Иранның осы елде тұратын ирандық босқындарды мәжбүрлеп қайтару үшін ешқандай келісім жасамайтынын қуаттай келе: «Ешқандай келісім жасалған жоқ. Бұл негізде айтылып жатқан болжамдар қауесет қана» деді. Бұдан бұрын Австралия қайраткерлері Теһранмен жасалған жаңа келісімшарт бойынша мыңдаған ирандық босқын еліне қайтарылады деген уәж айтқан болатын.