Бейкүнә халықты қыру АҚШ армиясының аймақтағы үйреншікті әрекеті болып табылады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i25526-Бейкүнә_халықты_қыру_АҚШ_армиясының_аймақтағы_үйреншікті_әрекеті_болып_табылады
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы лаңкестікпен күрес сылтауымен бейкүнә халықты қыруды АҚШ армиясының аймақтағы үйреншікті әрекеті деп атап, осы соғыс қылмысын әділ сотта жедел қарастыру керектігін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 26, 2017 17:05 Asia/Almaty
  • Бейкүнә халықты қыру АҚШ армиясының аймақтағы үйреншікті әрекеті болып табылады

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы лаңкестікпен күрес сылтауымен бейкүнә халықты қыруды АҚШ армиясының аймақтағы үйреншікті әрекеті деп атап, осы соғыс қылмысын әділ сотта жедел қарастыру керектігін қуаттады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани жексенбі күні ондаған әскери емес адамның өліміне себеп болған Американың Ирактың Мосул қаласының батысында ДАИШ лаңкестік тобының тұрғыларына қарсы жасаған әуе шабуылына көрсеткен реакцияда: «Осы қылмыстық шараның қасақана жасалғаны немесе ағаттық болғаны Американың жауапкершілігін азайтпайды. Осы соғыс қылмысы ДАИШ лаңкестік тобы мен өзге тәкфирлік топтардың әскери еместер мен бейкүнә халықты нысанаға алу әрекеті іспеттес.

Армия мен халықтық күштердің лаңкестікпен күресіне үсті-үстіне кедергі келтіруі және Америка мен оның аймақтық одақтастарының лаңкестік топтарды қаржылай және барлау жағынан ашық және жасырын түрде қолдауы ұлттардың тарихи жадында қалып, ДАИШ-ті демеушілердің іс- қағазын одан әрі қаралай түседі» деді.

Американың лаңкестікпен күрес желеуімен Мосулдың батысына жасаған жақындағы әуе шабуылынан 230 қарапайым адам қаза болды. Құрбан болғандардың денін әйелдер мен балалар құрады.