Әлем Иранды емес, АҚШ-ты бейбітшілікке төнген ең үлкен қауіп санайды
(last modified Thu, 06 Apr 2017 10:50:39 GMT )
Сәу 06, 2017 16:50 Asia/Almaty
  • Әлем Иранды емес, АҚШ-ты бейбітшілікке төнген ең үлкен қауіп санайды

АҚШ Иранды бейбітшілікке төнген ең үлкен қауіп деп санайды. Алайда америкалықтардың қоғамдық пікіріне жүргізген сауалнама мен Гэлапп институтының сауалнамаларына сәйкес, әлем АҚШ-ты әлемдік бейбітшілікке төніп тұрған ең үлкен қауіп санайды.

Америкалық саяси публицист әрі атақты теоретик Ноам Хомский бір сұхбатында АҚШ-тың Қорғаныс министрі Джеймс Меттистің Иранның бұл елге төнген ең үлкен қауіп туралы жуырда айтқан мәлімдемесіне қатысты сұраққа жауап ретінде: "АҚШ-тың бұл әрекеті бірнеше жылдардан бері жалғасып келеді. Обаманың билік еткен жылдарының бәрінде Иран әлемдік бейбітшілікке төнген ең ірі қауіп саналып келді. Бұл сөздер бірнеше рет қайталанып айтылған еді. Обаманың айтқан сөйлемі мынадай болған: "Барлық таңдау нұсқалары үстелдің үстінде. Алайда Иранның стратегиясы қорғаныстық және тежеуші сипатқа ие",- деп баса айтты. Хомский "Кім тежеуші саясат үшін алаңдай алады" деген сауал қойып, оған жауап ретінде былай дейді: "Әдетте еркін зорлық-зомбылықты пайдаланғысы келетіндер түбінде оны тежеуші факторға байланысты алаңдайды. Сондықтан, олардың пікірінше, Иран әлемдік бейбітшілікке төніп тұрған ең үлкен қауіп саналады".

АҚШ-тың Ираннан үркіту саясаты мен оның осыған қатысты ашық және жасырын мүдделерінің болмысы туралы шындықтар жайлы сөз қозғаған тек Хомский ғана емес. Осы шындыққа ұқсас ақиқатты АҚШ сенаторы, демократ Рэнд Пол басқа көзқарас тұрғысынан айтты. Ол сейсенбі күні өткен Сенат отырысында: "Иранға байланысты алаңдап жатқанымыз соншалықты, Сауд Арабиясыныдағы вахабилік әсірешілдердің аймақтық қақтығыстар мен әлемдік лаңкестіктегі рөлі жайлы мүлдем ұмытып кеттік",- деді.

Шын мәнінде, АҚШ-тың басшылары қате адрес беру арқылы аймақтың шындықтарын бұрмалауды көздеп отыр. АҚШ-тың кейбір лауазымды тұлғалары, соның ішінде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон АҚШ-тың аль-Каида, ДАИШ секілді лаңкестік топтарды құрып, оларға қолдау көрсетуге қатысы барын растап, аймақтағы шынайы қауіпті Иран емес, аймақта қайшылық пен текетірес тудыру арқылы лаңкестердің әрекет етуіне және соғыс отының өршуіне жағдай жасаған АҚШ пен оның одақтастары деп мойындады.

Американың басшылары Иранды аймақ пен әлемге төніп тұрған қауіп деп көрсетуге талпыныс жасауда. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон өзінің Түркияға жасаған жуырдағы сапары барысында Мевлют Чавушоғлымен Анкарада өткен бірлескен ақпарат отырысында: "АҚШ-тың  аймақтағы мақсаттарының бірі – аймақтағы қауіптің алдын алу үшін Иранның күш-қуатын азайту",- деп мәлімдеді.

Осы айтылған уәждерге байланысты АҚШ-тың пікірінше ол әлемдік бейбітшілік үшін төніп тұрған ең үлкен қауіп саналатыны туралы мәлімдемелерінің жауабы өте анық әрі түсінікті: себебі, Иран АҚШ-тың зорлығына қарсы тұрғандықтан, қауіп саналады.

 

Тегтер