Американың Сирияға жасаған шабуылы – қауіпті бастама
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Американың Сирияға жасаған зымырандық шабуылын халықаралық құқық ережелеріне қайшы әрі қауіпті бастама деп атады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Теһранда Венгрия премьер-министрінің орынбасары Жолт Шемьенді қабылдауда Сирияда соңғы күндері орын алған оқиғаларға сілтеме жасап: «Иран Сирияның бірқатар азаматының химиялық қарулар мен Американың осы елге жасаған зымырандық шабуылынан құрбан болуын айыптап, оны халықаралық құқық ережелеріне қайшы келетін қауіпті бастама деп санайды.
Сирия бұдан бұрын химиялық қаруға тыйым салу ұйымы тарапынан қарусыздандырылған болатын, бірақ осы ұйым лаңкестерді қарусыздандырған жоқ. Американың Сирияға шабуыл жасау үшін сылтауы кейін лаңкестердің асыра пайдалануына себеп болады. Олар әлсіз тұрғыда болған кезде осындай әрекетке барып, өзгелердің, атап айтқанда Американың кикілжіңдерге араласуына себеп болады» деді.
Жолт Шемьен де осы кездесуде лаңкестік және әсірешілдікпен күресуде қауіпсіз әлемге ие болу үшін өткендегілердің ғибратын пайдалану керектігін баса айтып: «Сирия дағдарысының сұхбаттасудан өзге шешім жолы жоқ» деді.