Америкалық экономистер Трампқа мигранттар туралы хат жолдады
Сәу 13, 2017 21:41 Asia/Almaty
Америкалық 1500 экономист Конгресс пен Америка президентін осы елдегі мигранттар тарапынан қалыптасқан экономикалық мұрсаттарға көңіл аударуды сұрады.
Америка президенті Дональд Трамп пен Конгресс басшыларына жазған америкалық экономистердің хатында: «Миграция – Американың әлемдік экономикадағы бәсекелестікке ие маңызды артықшылығы. Миграция қауіп болмауымен қатар, Американың экономикасы мен жұмысшылары үшін осы елдің кәсіпкерлігін кеңейтетін мұрсат» деп жазды.